• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Мамыр, 2020

Туризм индустриясы карантиннен кейінгі кезеңге бейімделіп жатыр

337 рет
көрсетілді

Карантин режімі туризм индустриясы өкілдеріне барынша үнемделікке бейімделуді үйретті.  Қазақстандық  туристік қауымдастығының президенті  Рашида Шайкенованың айтуынша, Алматы қаласында 341 қонақ үй, 143 жатақхана, 692 турагенттік бар. Қазір олардың біразы банкроттықтың алдында тұр.   Қауымдастық  өкілдері алдағы уақытта олардың қаншасының жұмысын жалғастыруға шамасы жететінін қосымша хабарлайтынын жеткізді.

Жиын барысында Алматыда корона-дағдарысқа дейін жұмыс істеп тұрғандарының 76 пайызы айналымда қаржы қалмағандықтан, қиын жағдайда екені белгілі болды. Егер, жағдай осылай жалғаса берсе, Алматыдағы туристік агенттіктердің 21 пайызы банкрот болуы әбден мүмкін.   «Несие алу қиындап кетті. Себебі күні бүгінге дейін  қызмет көрсету орындары жиі жалға беріледі.  Қаржы институттарының кепілдігімен туризм субъектілерін несиелеу мүмкіндігін қарастыру керек»,  дейді Шайкенова.

Кәсіпкерлер сияқты, туристік индустриясының өкілдері енді аз күнде жұмысқа оралатын қызметкерлеріне жалақы төлеу мәселесі шындап ойландыра бастады. Себебі көптеген қызметкерлер жалақысыз еңбек демалысына кетуге мәжбүр болған. Сол себепті сала өкілдері  ЕДБ арқылы жеңілдетілген несие беруді көздейтін туристік бағдарламаны әзірлеу туралы ұсыныспен шығуды ойластыра бастады.