Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «6D060600 – Химия» (8D05301 – Химия), «6D011300 – Биология» (8D01505 – Биология), «6D011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» (8D01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті) және «6D020500 – Филология» (8D02301 – Филология) мамандықтары бойынша философия докторы (PhD) бейіні бойынша доктор дәрежесін беруге арналған диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңестер ашылды, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.
Өкілеттік мерзімі – 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін. Сонымен қатар оқу орны ректорының бұйрығы бойынша диссертациялық кеңес құрамы да бекітілді.
– Бұл Қыздар университетінің ғана емес, еліміздегі аталған ғылым салаларының дамуына ашылған жол. Себебі диссертациялық кеңес – ғылыми зерттеу жолына түскен болашақ ғалымдардың еңбегін саралап, жете ғылыми сүзгіден өткізетін ғалымдар кеңесі. Осы орайда атап өткен жөн бұған дейін оқу орнында «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Филология» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңес жұмыс істеген болатын, – дейді университеттің баспасөз қызметінің жетекшісі Жандар Асан.
Кеңесті ашу «Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №126 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Диссертациялық кеңестің үлгілік ережесін бекіту туралы» 2018 жылғы 18 қыркүйектегі №512 бұйрығына және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес құрылды.
АЛМАТЫ