Бүгін Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің мәлімдеуінше, 2020 жылдың 2 маусымында эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, Алматы қаласының аумағындағы 649 ауру ошағында COVID-19-дың 2715 оқиғасы тіркелді.
Індет жұқтыру қаланың барлық аудандарында тіркелген. Жалпы алғанда, сырқаттанғандардың 97-сі Қазақстан Республикасының басқа өңірлері мен шетелдерден келді, оның ішінде 66-сы шетелден келгендер.
Алматы қаласы бойынша сырқаттанғандардың жалпы көрсеткішінің сырттан әкелген оқиғасының үлес салмағы 3,7%-ды құрайды.
Жоғарыда аталған 2715 сырқаттану оқиғасының профилактикалық тексеру кезінде 28,8%, өз еркімен тексерілу барысында - 3,3%, байланыста болғандар арасында - 67 ,8% анықталды. Сырқаттанғандардың 1627-сі немесе 60%-ы жазылып шықты. Сондықтан карантиндік шектеу іс-шаралары одан әрі жалғасады.