Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев медицина саласындағы цифрландыру туралы айтып берді.
«Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің жұмысын толығымен қағазбастылықтан арылттық. Олар қазір эпидемиологиялық зерттеу немесе басқа азаматтардың мәліметтерін жинақтауды тек қана планшет арқылы жүзеге асырады. Біз қазір бүкіл Қазақстан бойынша 2400 планшет тараттық. Олар сол планшет арқылы жұмыс істеп, барлығы цирфлық түрде ғана мәліметтер жинақталатын болады. Ақпараттар автоматты түрде Денсаулық сақтау министрлігінің сараптау орталығына түсіп, ғалымдар науқаспен байланысқандардың жағдайын сараптап, зерттеу жүргізіп, шұғыл түрде шешім қабылдай алатын жағдайға жеттік. Толық сандық жүйеге көштік. Соңғы рет шыққан Бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша ПЦР тесттердің нәтижелерін электронды түрде жібереді, тек қана электронды түрде өңдейді», - деді вице-министр.
Оның айтуынша, комиеттетің барлық қызметкерлері планшеттермен қамтамасыз етілген.