• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Маусым, 2020

Елордада қай көшелерге жөндеу жүргізілді?

191 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда жол жөндеу белсенді жүргізілуде. Биыл жалпы ұзындығы 100 км болатын 150 көше жөнделеді, оның 100 көшесі тұрғын үй алаптарында орналасқан. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Мәселен, Шұғыла, Бұхарбай батыр, Асан Қайғы көшелері, Абай, Жеңіс, Тұран даңғылдары, М. Мақатаев көшесінің жалғасы, Кенесары көшесі, Нұржол бульвары, Мәскеу көшесі, «Тұлпар» көпірінің астындағы айналма жол, Таха Хусейн көкшесі, С. Торайғыров көшесі, Нұрлыжол көшесі, Bi Village, Family Village апаратын жолдағы 15 орталық көшедегі жөндеу аяқталды.

Қазір 30 көшеде жөндеу жүріп жатыр. Атап айтқанда Сәтбаев, Конституция көшелері және тұрын алаптары жөнделуде. Қаланың барлық тұрғын алаптары қамтылады деп жоспарланған. Айта кетейік, жұмыс кезінде санитарлық талаптар сақталуда.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша биыл 15 мың жұмыс орны, ал жол жөндеу жұмысары аясында 1,5 мың жаңа орын ашылады. Бірінші кезекте Жұмыспен қамту орталығы арқылы орналастырылады. «Бұл салада жұмыс істеп жатқаныма 13 жыл болды. Бүгін елорданың басты көшелерінің бірін жөндеп жатырмыз. Жұмысымды ауыстырғым келмейді, қала тұрғындарына жайлылық жасаған ұнайды. Жақында Мәңгілік ел көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аумақты бітірдік. Бұл көшені де бір-екі күнде аяқтаймыз», - деді учаске шебері Дмитрий Кушакеев.