• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Маусым, 2020

Қарағанды облысы: 33 адамнан COVID-19 анықталды

408 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын 33 адамның жұқтырғаны зертханалық негізде расталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Науқастардың арасында Қарағандының 27 тұрғыны бар. Үш адам Жезқазған қаласынан. Сондай-ақ, ауырғандар қатарында Теміртау мен Саран қалаларынан және Бұқар жырау ауданынан бір-бір адамнан бар.

COVID-19 жұқтырған науқастар бұрын ауырған адамдармен жақын байланыста болғандарды тексергенде және скрининг жасау кезінде анықталды.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Инфекция ошақтарында зарарсыздандыру іс-шаралары жүргізілді.

Соңғы түскен мәліметтерге сүйенсек, Қарағанды облысында КВИ жұқтырудың 1 105 оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 405 науқас аталған аурудан айығып шықты. Өкінішке қарай, бес адам індеттің құрбаны болды.

 

 

Қарағанды облысы