• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Театр 08 Маусым, 2020

Орыс театрының әртістері Әнұранды шырқады

406 рет
көрсетілді

Елордадағы М.Горький атындағы академиялық орыс драма театрының әртістері Қазақстан Респуб­ликасының Мемлекеттік рәміздер күнін мерекеледі. Театр ғимаратының алдында жиналған сахнагерлер барлығы бірге Әнұранды қосылып шырқады.

Театр директоры Айболат Жәудірдің бастамасымен театр аула­сында сап түзеген сиқырлы сахна шеберлері қолын оң жақ кеуд­есі – жүрек тұсына қойып, зор ма­хаббат һәм патриоттық рух­та елі­міздің Әнұранын орындады.

– Биылғы көктем барлық өнер ұжымы үшін ерекше жағдайда өтті. Көрерменсіз қалған театр­лар әсте еңсесін түсірмей, керісінше алдағы маусымға дайындығын күшейтіп, мамыражай жаз мезгілімен бір­ге жаңа қойылымдардың тұ­сауын кесуге қызу дайындық үстінде. М.Горький атындағы академиялық орыс драма театры ұжымы да театр залын лық толтыратын көрерменін, өнерсүйер қауыммен етене араласар шуақты күндерін сағынды. Осыған орай Мемлекеттік рәміздер күнінде көппен бірге Әнұранымызды шырқап, көрермендерімізге, жалпы Қазақ еліне зор құрметімізді, патриоттық сезімімізді жеткізгі­міз келді. Лайым Туымыз тұғыр­лы, Елтаңбамыз еңселі, Әнұраны­мыз айбынды, елдігіміз мәңгілік болғай! – деді театр директоры.

Карантин уақытында да із­де­ністен қол үзбеген театр әр­тіс­тері екі ай бойы арнайы музыка маманымен қазақ ән­дерін үйреніпті. Нәтижесі 9 мамыр – Ұлы Же­ңістің 75 жыл­дық мерейтойына орай Сейдолла Бәйтерековтің әйгілі «Әлия» әнін онлайн орын­дап, көрерменнің ыстық ықы­ласына бөленсе, Мемлекет­тік рәміздер күні орындаған Әнұран – елордалық М.Горький атындағы академиялық орыс драма театры ұжымының Қазақ еліне жасаған тағы бір тамаша тартуы.