• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Коронавирус 08 Маусым, 2020

"Qazaqstan" ұлттық арнасы қызметкерлерінің індет жұқтырғанын растады

745 рет
көрсетілді

Бүгін "Qazaqstan" РТРК АҚ Алматы филиалының директоры Сәуле Жиреншина аталмыш телеарна қызметкерлерінен коронавирустық инфекция табылуына байланысты нақты ақпарат берді. Өйткені,  телеарнадағы әріптестерімізден індет табылуына байланысты алыпқашты әңгімелер желдей есіп тұр.

Сәуле Жиреншина арнаулы брифинг-чатта БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап бере отырып: «Біз профилактикалық тексеру жүргіздік, нәтижесінде ешқандай індет белгісі болмағанымен, вирус жұқтырғандардың бар екендігі анықталды. Бірден СЭС-ке хабар берілді, олар науқас деп табылғандарды оқшаулады. Кейбіреулері 3-4 күн ауруханаға жатып шықты, оларды КТ-ға түсіріпті, өкпелері таза екендігі анықталған. Жалпы алғанда көбі үйлерінде, ешқандай ауру да, температура жоқ дейді. Карантиндегілермен ортақ чатымыз бар. Тек бір операторымыздың ыстығы бір түсіп, бір көтеріліп тұр. Ол ауруханада жатыр», деді.

Сәуле Жәнібекқызы оның алдында айтылып жүргендегідей ешқандай қайғылы оқиға орын алмағандығын, кісі өлімі болмағандығын мәлімдей келе: «Профилактикалық тестілеудің нәтижесінде 24 адамда коронавирустық инфекция бар екені анықталды. Олардың ішінде журналистер, операторлар, жүргізушілер мен басқа да техникалық қызметкерлер бар. Олармен байланыста болғандар бірден оқшауланып, тест нәтижесі теріс нәтиже бергенімен карантинге жіберілді», деді.

Алматы филиалының директоры телеарна ғимараты карантинге жабылғандығын растады.

Алматы