• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Маусым, 2020

Төтенше жағдай кезінде 400 блок-бекет жұмыс істеген

201 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халық алдында есеп беру кездесуінде төтенше жағдай кезінде блок-бекеттерде жұмыс істеген полиция қызметкерлері жайында айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Төтенше жағдай мен карантин кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін полиция қызметкерлері, дәрігерлермен бірге алдыңғы шепте жүрді. Ішкі істер министрлігі елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бар күшін салды. Бұндай жағдай Қазақстан тарихында бірінші рет болып отыр. Төтенше жағдай кезінде 400 блок-бекет, 200 санитарлық бекет жұмыс істеді. Аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық нысандарға күзет қойылды. Ауруды таратпау үшін тұрғынүйлер коршауға алынды. 9 мыңнан астам адам іздестіріліп, табылды", - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, төтенше жағдай кезінде Ұлттық Ұлан мен ішкі істер органдарынан 50 мыңнан астам қызметкер жұмылдырылған.

"Отбасынан алыс болса да, күндіз-түні қызмет жасап, Отан алдындағы борышын, ел алдындағы  міндетін адал атқарған  қызметкерлерге және біздің жұмысымызға түсіністік танытқан тұрғындарға рахмет айтамын", - деді министр.