• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Коронавирус 09 Маусым, 2020

Қарағандыда 41 адам коронавирус қармағына ілікті

252 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында өткен тәулік ішінде 41 адамның COVID-19 індетін жұқтырғаны белгілі болды, - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Науқастардың барлығы Қарағанды қаласының тұрғындары. Олар бұрын жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде және скрининг барысында анықталды.

Пациенттер инфекциялық стационарға жатқызылды. Қазіргі уақытта олардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, емдеу амалдары жүргізілуде. Індет ошақтарында дезинфекция жүргізілді.

Соңғы түскен мәліметтерге сай, Қарағанды облысында жалпы саны 1188 адамның КВИ жұқтырғаны зертханалық негізде расталған. Оның ішінде алты науқас пандемиядан қайтыс болды және 477 адам жазылып, үй карантиніне шығарылды.