• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Маусым, 2020

Жамбыл облысында шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

252 рет
көрсетілді

Биылғы жылы «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік кәсіпорнының болжамына сәйкес, Жамбыл облысындағы 10 010 гектар алқапқа саяқ шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Бүгінгі таңда химиялық өңдеу жұмыстары Мойынқұм ауданында 1300 гектар, Шу ауданында 1020 гектар, Меркі ауданында 1060 гектар алқапқа жүргізіліп, толығымен аяқталған. Ал, Қордай ауданында 985 гектар, Т.Рысқұлов ауданында 950 гектар алқапта өңдеу жұмыстары жалғасуда. Жалпы, ағымдағы жылы өңірде саяқ шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен 15,3 миллион теңге бөлінген.

Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биылғы көктем мезгілінің салқын болуына байланысты өңдеу жұмыстары жылдағыдан кеш басталған. Себебі көктем мезгілінің салқындығы саяқ шегірткелердің шығу кезеңін және бірінші кезеңнен екінші кезеңге таралу мерзімін ұзартқан.

 

Жамбыл облысы