• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Маусым, 2020

Алматыда құрылыс компаниялары әлеуметтік нысандарға орын бөлді

241 рет
көрсетілді

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде Алмалы ауданындағы жаңа тұрғын кешендерін аралап көріп, қолжетімді әлеуметтік нысандар салу жөніндегі жобаны жүзеге асыру барысымен танысты.Бүгін шаһар басшысы Instagram-дағы парақшасында "Dostar" және "Элиф тауэрс" кешендерінде болғаны және құрылыс компаниялары қалалық әлеуметтік нысандар үшін үй-жай бөлгені туралы ақпарат бөлісті, - деп хабарлайды Egemen.kz 

"Біріншісінде белсенді ұзақ өмір сүру орталығын, екіншісінде кітапханасы, түрлі үйірмелері, коворкинг-аймағы және шеберлік-сыныптары бар балаларға арналған дамыту орталығын ашамыз. Әлеуметтік жауапкершілік аясында девелоперлер көрші үйлердің ауласын жөндеп, 100 орындық балабақша салады. Айта кету керек, 108 пәтері бар "Элиф тауэрс" ТК екі қабатты ескі қаңқалы-қамысты екі үйдің орнына салынды", ­­– деп хабарлады Б. Сағынтаев.

Айқандай, 108 пәтерлі "Элиф тауэрс" ТК қамысты екіқабатты екі үйдің орнына салынды.

Қала әкімі жұмыс сапары барысында 7-Eleven әлемдік шағын дүкендер жүйесінде құрылған жаңа форматтағы дүкенде де болды. Жоба франчайзинг негізінде жұмыс жасауда.

Сонымен қатар қала әкімі жылдық қуаты 86,3 мың тонна өнім шығаруға арналған тазартылған сұйық май мен май шығаратын кәсіпорында болды. Зауытта 1068 адам жұмыс істейді.

 

Алматы