• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Маусым, 2020

Аюдан ән құтқарып қалды

680 рет
көрсетілді

Ресей Федерациясы Якутия елінің 42 жастағы тұрғыны Игор деген азаматты тайганың қандыауыз қоңыр аюы талап, бірақ ол ғайыптан аман қалды, - деп жазады Egemen.kz

Ашулы аю балықшыны бас салып жәукемдей бастағанда кенет оның қол телефоны зарлап қоя берген. Қызық болғанда смартфонның дыбыстық сигналына Канаданың атақты әншісі Жастин Бибердің "Baby" өлеңі қойылған екен. Кенеттен шыққан беймәлім әннен шошыған аю олжасын тастай салып, тұра қашыпты.

Осы оқиға жайлы балықшы: "Бұл әнді немере қызым телефоныма жүктеп берген болатын. Әрі есту қабілетім нашарлағандықтан телефонның дыбыс шығару жиілігін ең жоғарғы шекке көтеріп қойған еді. Қызық болғанда бұл ән ашулы аюды қорқытады деп кім ойлаған. Егер ән айтылмаса менің аман қалуым екіталай еді" депті.

Канадалық әнші  Жастин Бибердің жанкүйерлері әлемде жетіп артылады. Бірақ оның әні аюға ұнамайды екен.