• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Маусым, 2020

Германияда карантиндік шектеулер біртіндеп алына бастады

150 рет
көрсетілді

Германияда карантин режимі жеңілдей бастады, - деп хабарлады germania.one.

Кеше Сенат отырысында қабылданған шешім бойынша елдегі карантиндік шектеулер біртіндеп алынады. Берлинде мейрамханалар мен дәмханалар түнгі сағат 23:00-де жабылмайтын болды. Баден-Вюртембергте 1 шілдеден бастап 100 адамға дейінгі мерекелік шаралар, конференциялар, сауда жәрмеңкелері, конгрестер, спорттық жарыстар өткізуге рұқсат беріледі.

Сондай-ақ кеше премьер-министр Винфрид Кречманн 1 тамыздан бастап Штутгартте 500 адамға дейінгі шаралар өткізуге болатынын мәлімдеді. Ал концерт, жәрмеңке сынды шараларға 31 тамызға дейін рұқсат жоқ.

Бременде кинотеатрлар, концерт залдары мен театрлар 12 маусымнан бастап ашылады. Төменгі Саксонияда 22 маусымнан бастап балабақшалар жұмыс істейді.

Бранденбургтегі жергілікті Денсаулық сақтау министрі Урсула Ноннемахер әлеуметтік шектеулерді келесі аптадан бастап жеңілдетпекші. Алайда тұрғындарға маска кию мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау міндеттеледі.