• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Маусым, 2020

М.Әйтеновтың пікірін баспасөз хатшысы "тәпсірлеп" берді

550 рет
көрсетілді

Жақында шаһардағы кәсіпкерлермен, тойхана иелерімен кездескен қала әкімі Мұрат Әйтенов: "Тойханаларды ресторан секілді ашып жұмыс істеңіздер. Біз түсінеміз. Тойханалардың жұмысының тоқтап тұруы бірталай шығын. Бірақ ең бастысы - адам денсаулығы", - деген еді. Үшінші қала әкімінің бұл сөзі қазнетте, әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, қызу пікір-талас тудырды. Біреу құптаса, екіншісі қарсы дәлел айтып әлек, - деп хабарлайды Egemen.kz 

Осы талқыға түскен пікір туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Арай Есенбек өзінің фейсбук парақшасында қысқаша түсіндіріп өтті.

"Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың карантин жағдайында жұмысын тоқтатқан тойханалар жайлы ойы әлеуметтік желіде кеңінен таралып жатыр екен. Осы тұста кішкене түсіндіріп өтсем. Өйткені, желі қолданушылар тарапынан «базарлар ашылғанда, неге тойханаларда той жасауға болмайды",- деген сауалдар да қойылып жатқан көрінеді.

Пандемиядан қауіп зорайғанын бүкіл ақпараттан оқып, біліп отырсыздар.

Аз ғана кідіріс жасап, зейін аударыңызшы…

Базарға әр тұрғын мұқтаждықтан барады. Азық-түлік сияқты басқа да тұтыну тауарлары кімге де болсын керек. Бұған қоса нәпақасын осы жерден тауып жүрген қарапайым отбасылар өте көп. Арасында тіпті бір орынды жалға алып немесе тек сатушы боп күнелткендер бар. Тойханаларда да дәл солай сүрлігіп жұмыс істеп жүргендерді де білеміз. Алайда халықтың денсаулығы, қауіпсіздігі маңызды. Той мүлдем өткізілмесін деп отқанымыз жоқ. Жасаңыздар, бірақ аз ғана адамға. Мейрамхана қызметін ұсыныңыздар. Мысалы, тойда 300 адам бас қосты делік. Арасында біреуі індетке шалдыққан болса (оны білмейміз де ғой), сол жерге жиналған барлық тума-туыс, дос-жаран да тексеріледі, оқшауланады. Өйткені дерт санаулы сағатта-ақ контактке түскен 300 адамды шырмап алуы мүмкін.Мұны бірінші себеп деп түсініңіз.

Екіншіден, базарға кірген сатушы да, сатып алушы да төрт қабырғаға қамалмайды. Жан-жағынан табиғи желдеткіш жұмыс істеп тұрады, тіпті төбесі де ашық. Ал тойхана — ғимараттың іші, желдеткіш істеп тұрғанның өзінде терлеп-тепшіп кететініңіз рас.

Ары қарай басқа да айырмашылығын өзіңіз ойлап көріңізші.

300-400 адамды бір-ақ сәтте ауыртып алсақ не болады? Сонда не істер едіңіз? Мұндай ортада ересектерден бөлек, кішкентай балалар да жүретінін ұмытпаңыз. Қауіптен өзіңіз сақтанбасаңыз, перзентіңізді қалай қорғамақсыз?», дейді әкімдіктің ресми өкілі.