• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Маусым, 2020

Гүлшара Әбдіқалықова тоқсанға толған теміржолшыны құттықтады

327 рет
көрсетілді

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова белгілі теміржолшы, Социалистік Еңбек Ері Оразбай Әбішевті 90 жасқа толуына орай құттықтап, құрмет көрсетті, - деп жазады Egemen.kz

Өңір басшысы ғұмыры ғибрат, ісі үлгі ардагердің жолы жастар үшін өнегеге толы екендігін айтып өтті.

"Сыр елі өзіңіз секілді парасатты, ұлағатты азаматтарға бай. Аймағымыздың темір жол саласынын дамытуға зор үлес қостыңыз. Осы саланың ғылыми – техникалық жұмысына да белсене қатыстыңыз. Көптеген тәжірибелі шәкірттер тәрбиелеп шығарғаныңызға алғыс білдіреміз. Карантиндік шектеулерге байланысты үлкен шаралар өткізуге мүмкіндік болмай отыр. Мерейтойыңыз құтты болсын. Сіздің еңбек жолыңыз жастар үшін әрқашан өнеге", - деді облыс әкімі.  

Жиында аймақ басшысы мерейтой иесіне облыстың Құрмет грамотасын табыстап, шапан жапты. Оразбай Әбішұлы 1930 жылы 10 маусымда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Бірқазан ауылдық округінде дүниеге келген.  

1949-1951 жылдары Қызылорда теміржол училищесінде оқып, еңбек жолын 1951 жылы паровоз жөндеу депосында слесарь қызметінен бастаған.

Саладағы жарты ғасырлық еңбегінде өндіріске бірталай рационализаторлық ұсыныс енгізген Оразбай Әбішевтің есімі бүкіл Одақ теміржолына тарады. Жалпы осы салада 500-ге жуық адам Социалистік Еңбек Ері атағын алыпты. Оның арасында қандастарымыздың қатары аз әрине. Сол аздың бірі  осы Оразбай Әбішұлы. 1981 жылы  КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумы Жарлығымен  Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған.   

Бүгінде Оразбай Әбішұлы Қызылорда қаласының құрметті азаматы, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ консультативтік кеңесінің мүшесі.