• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
Парламент 11 Маусым, 2020

Мәслихаттардың белсенді жұмысы

198 рет
көрсетілді

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары А.Шәкіровтің төрағалық етуімен Сенат жанындағы Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің отырысы өтті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Онлайн конференция байланысы арқылы өткен отырысқа Кеңес мүшелерімен қатар мәс­лихат депутаттары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қо­ғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Отырыс барысында ко­ронавирус пандемиясы кезін­­де өңірлердегі әлеуметтік-эко­но­микалық тұрақтылықты сақ­тау мәселелері жан-жақты тал­қы­­лан­ды. Жалпы алғанда, өкіл­ді ор­ган­дардың жұмыс орындары мен жұмысшылардың еңбек­ақы­ларын сақтау, тегін азық-түлікпен қамтамасыз ету мен санитарлық-гигиеналық көмек көрсету, азық-түлік тауарлары­ның баға­сына бақылау жасау жұмы­сына оң баға берілді.

Мәслихаттардың төтенше жағ­дайларға байланысты, әсіресе Түркістан облысында орын ал­ған табиғи апат зардаптарын ең­серу және тұрғындарға қол­дау көрсету жұмыстарына бел­сенді қатысқаны атап өтілді. Депутаттық корпустың өңір­лердегі жұмысының мазмұны мен олардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселесіне айрықша мән берілді. Мәслихат депутаттары өз сайлаушыларына қа­был­­данған заң­дарды, ел басшылығы белгілеген бағыт-бағдарлардың мәнін ұғы­нықты, кәсіби тұрғыда түсіндіруі керек. Бұл тұрғыда қарамағында 20 мыңнан астам кәсіби кадры бар Қазақстанның заңгерлер одағы қабылданған меморандум негізінде барлық өңірде жұ­мыстарға тартылды.

Сенатор Т.Мұқашевтің баста­масы бойынша Өңірлерді дамыту бағдарламасына ауылдық аймақтарды жан-жақты дамы­ту шараларына басымдық беру жөніндегі түзету қажеттігі ай­тыл­ған Сенат депутаттарының Премьер-Министрдің атына үн­деуі туралы мәслихат депутаттары хабардар етілді.

Кеңес сондай-ақ «Рухани жаң­ғыру» бағдар­лама­сын өңірлер­де іске асыру барысымен де танысты.