• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Руханият 05 Маусым, 2020

«Қарағанды кербездері» даму орталығы қайырымдылыққа атсалысты

360 рет
көрсетілді

Қарағанды қаласының қыз-келіншектерінен жиналған «Қарағанды кербездері» атты топ қыздары осы жұмада Қарағанды облысы, Бұхаржырау ауданы, Үштөбе ауылында салынып жатқан медресеге көмек қолын созды.

Үш қабат деп жоспарланып жатқан медресенің құрылысы бірінші қабатта жүріп жатыр. Медресе 50 ер балаларға арналған. Мұнда жеткіншектер Құран оқуды үйреніп, түрлі ислами негіздегі ілімдерді тегін алатын болады. Осыған орай, 30-40 қыз-келіншектен құралған топ қыздары осы құрылыстың жүруіне өз үлестерін қосты.