• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Коронавирус 12 Маусым, 2020

Алматыда карантин қайта күшейтілуі мүмкін бе?

519 рет
көрсетілді

Елімізде ең алғашқы Сovid-19 індетін жұқтырған адамның Алматыдан табылғанына бүгін-ертең тура үш ай толмақ. Осы аралықта 2 млн-ға жуық халқы бар мегаполис қана емес, бүкіл еліміз бұрын-соңды болмаған сынақты бастан кешірді.

Осы аралықта шаһардың әлеуметтік өміріндегі өзгерістерді айтпағанда, төтенше жағдай мен карантиндік шаралар кезінде қала экономикасы 9,2 пайызға төмендеді. Алматы экономикасының шығыны шамамен 100 млрд теңге болатынын қала әкімінің өзі ресми түрде мәлімдеді. Мұның бәрі – мәселенің бір қыры, салдары ғана. Ал денсаулық ше, осы аралықта індет жұқтырғандар, жұқтырып жатқандар, жазылғандар мен көз жұмғандар ше?

Дәл осы жолдар жазылып жатқан­да да Алматыда індет­ке душар болған­дар саны 2957-ге жетіп жығыл­ғаны жөнін­де ақпарат­тар дәйек­теліп жатыр. Демек, коронави­рус­тық инфекция жұқ­­тыруда «көшбасшылықты» қай­тарып алған Алматыда пандемия ауыз­дықталды деп айтуға әлі де ерте.

Осы арада бір мәселеге тоқтала кет­­кен жөн, оқырман есінде болса, төтен­­ше жағдай кезінде мегаполистің меди­цина саласында да бірқатар түйт­кіл пайда болды. Денсаулық сақ­тау басқармасының бұрынғы басшысы індет жұқтырғандармен байланыста болғандықтан кабинетінде түнеуге мәжбүр болғанын БАҚ өкіл­дері ұмыт­қан жоқ.

Сонымен сәуір айының жиырма­ларында желдей ескен бейресми ақпа­рат­тар шындыққа айналып, оның орнына оған дейін Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымды қызметін атқарған Камалжан Надыров келді.

Алайда К.Надыров та жаңа қыз­метіне кіріспей жатып, коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жуырда дертінен сауыққан Ал­маты қоғамдық денсаулық бас­қар­масының жаңа басшысы 8 мау­­­сымда ғана журналистермен алғашқы онлайн-брифингін өт­кізді.

Суретті түсірген Ерлан Омар, EQ

Ол қаладағы КВИ жағдайы тұ­рақталғанымен бірқатар шара­ны қабылдауға мәжбүр болып отырғанын жасырған жоқ. Он­лайн-брифингте: «Өздеріңіз біле­тіндей, Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін сақтандыру деңгейін күшейту жөнінде тапсырма берген болатын. Қа­зір­гі жағдайды ескере отырып, ме­ди­циналық ұйымдардың ішін­де инфекциялық бақылауды кү­шейту үшін жақын арада қаланың барлық стационарында бас дәрі­гердің инфекциялық бақылау жө­ніндегі орынбасары лауазымы енгізіледі. Бұл госпитальдық эпидемиологтердің мәртебесін көтеруге, білікті мамандарды тар­туға және сол арқылы стацио­нарларда тиісті инфекциялық бақылауды қамтамасыз етуге мүм­кіндік береді. МСАК ұйым­­­да­­рында инфекционистерге қа­уіп­сіздіктің тиісті деңгейін қам­­та­масыз ету үшін айрықша өкі­­леттіктер берілетін болады», деді.

Ал Алматының бас сани­тар­­лық мемлекеттік дәрігері Жан­­­­дарбек Бекшин қаладағы эпи­­­де­миялық жағдай туралы есеп бере отырып: «Індетке шал­ды­ғу Алматының барлық ауданын­да тіркеліп жатыр. Жалпы Қазақстанның басқа өңір­лері мен шетелдерден 107 адам індет әкелді. Оның ішінде шетелдік рейстермен 66 жағдай ілесіп келді. Алматыға сырттан әкелінген КВИ 3,7 пайызды құ­рай­ды. Індет жұқтырғандармен бай­ланыс­та болғандардың арасынан 1678 адамнан ауру табылды. Ал­матыдағы індет жұқ­тырудың ең жоғары көрсеткіші 30 мамырда тір­келіп, жалпы ал­ма­тылықтар­ға шақ­қанда 4,6 пайыз болды», дейді.

Алматының бас санита­ры ­өз­ еркімен тест тапсырып жат­­­­­­қан­­­дардың артқанын ата­ды. Мә­­­­­­селен, 3-10 маусым ара­лы­­­ғын­­­­да коронавирусқа шал­дық­қаны анықталған 491 оқи­ғаның 248-і симптомсыз пациенттер. Ж.Бекшин ауру белгілерінсіз ауы­­рып жүргендердің көбеюін қа­ладағы карантиндік шара­лар­дың босаңсып, бірқатар мекеме мен қоғамдық орынның қызметіне қайта кіріскенімен бай­­­ланыстырып отыр. Өйткені қай­та жұмыс істей бастаған кә­сіп­орын­дар, дәмханалар мен ірі сауда орын­дарында карантин режімін бұзу көптеп анықталып отыр.

«Ал статистиканың өскені­нен қорықпауға болады. Бұл – тұр­ғындарды кең көлемде тес­тілеудің нәтижесі. Осы уақытқа дейін 155 мыңнан аса ПТР-тест, 27 мың жедел-тест жасалды. Ал профилактикалық тексеру ке­зінде 997 оқиға тіркелді. Оның ішінде медицина, әскери және әлеуметтік сала қызметкерлері бар», дейді Ж.Бекшин. Оның бағалауынша, қаладағы са­ни­тар­­­­лық-эпидемиялық жағ­дай тұрақты.

Өз кезегінде Алматының бас санитарлық дәрігері корона­ви­­­рус жұқтыру қаупі жоғары үш топты атады: «Біз қаладағы бар­лық осал мекемелер мен ны­­­сандарды анықтадық. Бұл – бірінші кезекте, әрине медицина қызметкерлері. Осы мақсатта медицина қызметкерлері мен олардың пациенттері арасында 78 мыңнан аса профилактикалық зерттеулер жүргізілгенде, 950 адам­ның індет жұқтырғаны бел­­гілі болды. Екінші кезекте әске­ри контингентке назар аударылады. Өйткені олар казармалық режімде өмір сүріп жатқандықтан, жұқтыру қаупі де жоғары болатыны белгілі. Үшінші осал топ – бұлар медициналық-әлеуметтік ме­кемелердің қызметкерлері. Бұл үш топ та қаланың эпидемия­лық-санитарлық қызметінің на­зарында тұр» деді.

Қысқасы, Алматыда әлі ­де ­­ін­­дет­ толық ауыздықталмағандық­тан, жұқтыру жалғаса берсе, ка­рантиндік шаралар қайта күшіне енуі мүмкін бе деген сауалдың туатыны анық. Бұл мәселеге қа­тысты Алматының бас санитары былай деп жауап берді: «Карантиндік режімге өткеннен кейін біз инфекция белең алмауы үшін қала тұрғындарынан сақтық шараларының қадағалауын талап етіп келеміз. Бұл соншалықты қиын емес қой. Егер вирус жұқ­­тырғандар саны әрі қарай тір­келе беретін болса, біз сақтық шараларын қайта қараймыз жә­не ескертуді жалғастырамыз», дейді. Сондай-ақ ол көптеген елде аса қатаң қадамдар арқылы жағдайдың реттелгенін қаперге сала отырып: «Біздің тарапымыздан да шаралар қолданылуда. Біз қызметтің барлық бағыттары – сауда, тамақтану, білім, өнер­кәсіп және құрылыс, мәдениет және спорт бойынша қажетті нұсқаулықтарды жасадық. Біз әкімшіліктің өзі және осы ұйым­дарда жұмыс істейтін адамдардың өздерін, отбасы мүшелерін және басқаларды қорғауға мүмкіндік беретін нұсқаулықтар әзірледік», дейді Ж.Бекшин.

Айналып келгенде, шаруасы шаш етектен Алматыда қан­дай да келелі мәселе қозғалса, оның бір ұшы міндетті түрде жа­­­­һанды жайлаған пандемия­ға, ін­детті таратпауға барып ті­рел­­­мек. Егер шаһар басшысы күн сайын екі мәлімдеме жа­са­са, бірі індетке қатысты бо­лып келеді. Мәселен, осы сәт­терде де қала әкімі Бақытжан Са­ғын­таев кәсіпкерлерді санитар­лық ережелерді бұзбауға үндеп­ті. Шаһар басшысы өзінің әлеу­мет­тік парақшасында эпи­де­мия­лық жағдай тұрақтал­ған соң өндіріс, құрылыс, сауда мен қызмет көрсету орындары жұ­мыс­тарын кезең-кезеңмен жандандыра бастағанын еске сала отырып: «Басты талап – са­ни­тар­лық нормаларды сақтау.  Оның өзі қиын емес, яғни сани­тайзер, қорғаныс бетпердесі, қол­ғап пен әлеуметтік қашықтық. Егер ірі кәсіпорындар өз жұмы­сын тексеруден кейін бастаса, шағын бизнес саласына рұқсат хабарлама принципі бойынша берілді. Бұл ретте жауапкершілік жүгі кәсіпкерге жүктелді», деп жазады. Өйткені іс жүзінде жауап­­кершілік пен оның маңызын түсі­нетіндер көп емес. Құзырлы орындар тексере келгенде 2,4 мың­­ға жуық субъектінің 138-ін­де заңбұзушылық анықталды. Кейбіреуінің қызметін тоқтатуға тура келген.

– Кәсіпкерлік қауымдастық өкілдерінен өтініп сұрарым, қыз­мет түріне қарамастан, белгі­ленген нормаларды ұстану керек. Егер қауіпті індеттің қайта өршуіне жол берсек, қаланың тыныс-тіршілігіне ауыр соққы болары анық. Бір-бірімізді қол­дайық! – дейді Алматы қала­сы­ның әкімі.

 

АЛМАТЫ