Форумға қатысуға 1000-ға тарта жас келді. Олар — Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі азаматтық қоғам институттарының, республакалық жастар ұйымдарының өкілдері, ғалымдар, жұмысшылар, ғалымдар, шығармашыл жастар және «Болашақ» бағдарламасымен білім алып, елде түрлі салада еңбек етіп жүрген азаматтар. Сонымен бірге, бұл жиынға Парламент депутаттары, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысуда.
Форумның мақсаты — ширек ғасыр ішінде жастар саясатында қол жеткізілген жетістіктерді көрсету, «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру жолында елдің жас буынын жұмылдыру, сонымен қатар, оларды «Мәңгілік ел» құндылықтары аясында біріктіру.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»