Коронавирус инфекциясына шалдыққандар әлі де анықталып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен тәулікте 14 адамнан қауіпті індеттің белгісі табылған. Олардың үшеуі –Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелерде жұмыс істеген жұмысшылар. Сондай-ақ, Атырау қаласының 9, Қызылқоға ауданының 1, Индер ауданының 1 тұрғыны да коронавирустың «қақпанына» түсіп отыр.
Науқастардың бәрі инфекциялық ауруханаға жатқызылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Олармен байланыста болғандар анықталып, індет ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Соңғы мәліметке сүйенсек, Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар саны 1246 адамға жетіп отыр. Оның ішінде 892 пациент жазылып шықты.