Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева елордада кинотеатрлардың ашылуы туралы айтты, - деп жазады Egemen.kz
"Кинотеатрлардың ашылуы тақырыбына тоқталсақ, бұл эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Бүгінде тиісті қаулы әлі шығарылмады. Егер де қаулыны шығаратын болсақ, онда көрермендерді отырғызудың барлық алгоритмдері мен кинотеатрларды ашу кезіндегі қажетті шаралар ескеріледі", деді Жанна Пірәлиева.