• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Маусым, 2020

Алматыға кіріп-шығуға шектеу қойылғандығы туралы ақпараттар жалған

213 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы қалалық баспасөз қызметі қалаға кіріп-шығуға тиым салынғандығы туралы ақпараттардың шындыққа жанаспайтындығы туралы ресми түрде хабарлады.

"Карантинді қатаңдатуға байланысты мессенджерлерде таратылып жатқан Алматыға кіруге және шығуға шектеу қою туралы хабарлама шындыққа сәйкес келмейді. Күмәнді дереккөздерге сенбеуді және Алматы әкімдігінің сайтында жарияланатын ресми деректерді ғана пайдалануды сұраймыз (almaty.gov.kz)", - деді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.