Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері 8 маусымнан бері сот орындаушылармен бірге "Борышкер" жедел іс-шарасын өткізді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
"Іс-шара кезінде полицейлер Жедел басқару орталығының видеокамералары арқылы борышын өтемей жүрген жүргізушілерді анықтады. Полицейлер планшеттің көмегімен 500-ден астам жүргізушіге әкімшілік айыппұлдарын өтеу туралы әкімшілік соттың қаулысын тапсырды. Борышы бар жүргізушілерден 6 млн теңгеге жуық айыппұл өндіріліп, 20 автокөлік айып тұрағына қойылды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.