• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 15 Маусым, 2020

Спорт саласындағы жемқорлықпен күрес

644 рет
көрсетілді

Спорт саласындағы жемқорлық – қоғам дамуына төнген қауіп. ​ Өйткен, бұнда әлеуметтік саясатымыздың негізі жатыр. Сәйкесінше, жалпыұлттық бірлікті қалыптастыру және адами капиталды арттыруда оның ықпалы зор. Сондықтан, саладағы жемқорлық барша қоғамның орнықты дамуына кәдімгідей кедергі​ екенін түсінуіміз керек.

Осындай жағдайларды​ болдырмау​ мақсатында Велоспорттан олимпиадалық даярлау орталығы есеп айырысудың заманауи форматына көшті. Яғни, бұрын ақша іссапарға аттанатын спортшы мен бапкердің шотына түссе, енді тікелей күтіп алушы не қызмет көрсетуші тарапқа жіберіледі. Орталықтағы мемлекеттік сатып алуға қатысты шаралар да ашық және жариялы түрде ұйымдастырылып жүр. Тиісті ақпараттар сайтқа салынады. Соған сәйкес, кез келген адам оны қарай алады.

​Жемқорлықтың тыйылмауына тағы бір себеп – жалақының аздығы. Сөздің шыны керек, спорт саласындағы ​ айлық көлемі салыстырмалы түрде төмен. Сәйкесінше, білімі мен біліктілігі жарасып тұрған жастар басқа жұмысқа ауысып кетіп жатады. Сондықтан, олардың еңбек ақысына қатысты мәселені қарастырып, тезірек шешімін табу қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар жүріп жатыр да. Ал, жаңа мамандар қызметке байқау арқылы қабылданады. Оған қатысты ақпарат та біздің Орталық пен Спорт және денешынықтыру істері комитетінің сайтында жарияланады.

​Бұған қоса, пара алу жағдайларының алын алу үшін мекеме ішінде арнайы ақпараттық бұрыш және азаматтар шағымына арналған жәшік бар. Ал «Сарыарқа» спорттық кешенінің сыртында орналасқан алып экрандарда жемқорлық пен оның жазасына ​ қатысты ​ бейнеролик ойнатылады. Бұл жұмыстар елордадағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ​ департаментімен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. ​​Дәл осы агенттік мамандары біздің мекеме ұжымымен кездесіп, арнайы жиналыс өткізеді. Оның барысында заң бұзушылықтың отандық спортқа әкелетін залалы жан-жақты түсіндіріледі.

Қысқасы,​ жемқорлықтың түбіне балта шабу салада қызмет ететін әр маманнның таным-түйсігі мен оның күнделікті әрекетіне байланысты. Егер барлығы өз ісіне адал болып, қалтаның қамын күйттемесе отандық спорт та қарыштап дамитыны​ анық. Ал бұл мәселеге​ немқұрайлы қарасақ, өз отбасымызға, өз ұжымымызға, қала берді, өз елімізге жасаған үлкен қастандық болып табылады.

Аслан Қаженов,

Велоспорттан олимпиадалық даярлау орталығының баспасөз қызметкері