Алматы қаласында карантиндік шаралар күшейтіліп, мекемелердің жұмыс істеу кестесі өзгерді, - деп хабарлайды Egemen.kz
Базарлар 9:00-ден 16:00-ге дейін, демалыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
Сауда орталықтары тамақтану объектілерінің, ойын-сауық объектілерінің жұмысын тоқтата отырып, сағат 10:00-ден 21: 00-ге дейін жұмыс істейтін болады.Банкет залдарының, бильярд, компьютерлік орталықтар мен боулингтердің, букмекерлік кеңселердің жұмысы тоқтатылды.Банктер қызметкерлердің 50%-ын қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстыруы керек.Кештерді, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар филиалдары қызметкерлерінің 50%-ы қашықтықтан жұмыс істеуге көшуі тиіс.ХҚКО-ның жұмысы онлайн-форматқа аударылуы тиіс, онлайн көрсету мүмкін емес қызметтер уақыты бойынша сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін шектелуі тиіс.Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы 22:00-ге дейін шектелген.