• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Маусым, 2020

Банктердің жұмыс режімі өзгерді

151 рет
көрсетілді

«Бірлескен бұйрықты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк қабылдады», - деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық банктің сайтына сілтеме жасап.

2020 жылдың 16 маусымынан бастап Алматы қаласында орналасқан екінші деңгейлі банктер жұмысшылардың 50% дейін қашықтықтан жұмыс істеуге көшуі керек. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банктің бірлескен бұйрығында айтылған.

Сонымен бірге банктер жұмыс уақытында шаруашылық жүргізуші субъектілерге және халыққа қолма-қол ақшаны, оның ішінде банкоматтарды қолма-қол ақшамен уақытылы толтыруды және олардың үздіксіз жұмыс істеуін үнемі қамтамасыз етуі керек.

Сондай-ақ, қаржы институттары клиенттердің операцияларын өңдейтін және банкоматтар, терминалдар, Интернет-банкинг, мобильді банкинг және клиенттердің банктік шоттарын қашықтықтан басқаруға арналған басқа жүйелердің, инкассация қызметтерінің, қоңырау шалу қызметтерінің, төлем карточкаларын жеткізу қызметтерінің, сондай-ақ басқа да қызметтердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметтердің жұмысын ұйымдастыруы керек.