• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Маусым, 2020

Пәкістан Үндістанды бейбіт тұрғындарға оқ жаудырды деп айыптап отыр

757 рет
көрсетілді

Пәкістан билігі атысты тоқтату кезінде келісімді бұзды деп Үндістан тарапын айыптап отыр. Атыс барысында пәкістандық төрт азамат мерт болды. Бұл туралы РИА НОВОСТИ-ге сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Пәкістан армиясының генерал-майоры Бабар Ифтихар: "Үнді күштері бақылау сызығының бойындағы Никиал және Багсар секторларында атысты тоқтату сәтінде келісімді бұзып, бейбіт тұрғындарды нысанаға алған. Оның ішінде әйел азаматшасын қосқанда 4-еуі жазықсыз мерт болып, 1-еуі жарақат алды", дейді Twitter парақшасында.

Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыстар 2019 жылдың 5 тамызында басталды десек болады. Себебі Нью-Делиде өткен Джамму мен Кашмирдегі штаттар санын қысқарту туралы шешім қабылдағаннан кейін жағдай шиеленісе түсті. Соның негізінде екі одақтық аумақ құру туралы сөз болды.

Жағдайды өз пайдасына шешкен Үндістан парламенті мемлекеттік конституцияның 370-бабына кері өкім шығарады. Ал Кашмирдің үнді бөлігіне кіретін Пәкістан үшін бұл шешім оңтайлы емес еді.

Дүрбелеңі көп мәселеден кейін британдық Үндістанның мұсылман аймақтары Пәкістанның жеке аймақтарына қырғи-қабақ қарай бастады. Джамму мен Кашмирдің көпшілігі мұсылман қауым болғандықтан, жалғыз үнді мемлекеті болып қала береді.

Ол аймақта тек сепаратистер белсенді жұмыс істейді. Сондықтан Нью-Дели тарапы сепаратистерді жақтасып отыр деп айыптады. Исламабад бұл айыптауларды жоққа шығарып, Кашмир тұрғындары онсызда өз құқықтары үшін дербес күресіп жатыр деп атап өтті.