• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 18 Маусым, 2020

Михаил Мишустин Нұрсұлтан Назарбаевқа жылы лебізін білдіріп, тезірек сауығуын тіледі

292 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Тараптар сауда-экономикалық, отын-энергетикалық, көлік, инвестиция және басқа да салалардағы Қазақстан – Ресей екіжақты ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ ЕАЭО аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ COVID-19-дың таралуына қарсы бірлескен іс-шараларға ерекше назар аударылды.

Ресей Үкіметінің басшысы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жылы лебізін білдіріп, тезірек сауығуын тіледі.