• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Білім 18 Маусым, 2020

Білім саласының тың серпілісі

392 рет
көрсетілді

Қазақ халқы ұстазын сыйлап, құрметтеген ел. "Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" деп адамға қарап ұстазын таныған. Осыған орай, ұстаздар мәртебесін көтеру мақсатында, "Педагог мәртебесі туралы" заңның қабылдануы, саналы ғұмырын сапалы қызмет етуге арнаған сансыз маманның ішіндегі барша әлем бас иетіндей құдіреттісі – ұстаз екенін дәлелдейтін заң болды.

Әне-міне, тағайындалғанына 1 жыл толғпн Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Тамыз конференциясында Қазақстан мектептеріне "Әліппе" оқулығының қайтарылатынын мәлімдеді. Яғни 2021 жылы, өздеріңізге жақсы таныс, қазақ тіліне бейімделген Ахмет Байұрсынұлының әдістемесі негізінде әзірленген әліппенің қайта енгізілуі де қазақ халқының сарыла күткен жаңалығы.

Жалпы білім беретін мектептерде 2021 жылдан бастап оқу жүктемесінің 16 сағатқа азайтылуы, мектептердің 5 күндік жұмыс жүйесіне көшуі, мұғалімдер еңбекақысының алдағы 4 жылда сатылай екі есеге өсуі, педагог мамандардың аттестациядан өтуі арқылы қосымша үстемақы алуы, сынып жетекшілікке, тәлімгерлікке т.б. қосымша үстемақылардың төленуі, мұғалімдерді тиімсіз жұмыстар атқарудан босату, қағазбастылық пен қажетсіз есептерден босату ұстаздар қауымы үшін үлкен мәртебе болды.

Сондай-ақ басқару жұмысының тиімділігін арттырудың маңызды мәселе екені де назардан тыс қалмады. Жаңа оқу жылында мектеп директорлары мен орынбасарларын аттестаттау жүйесінің енгізуі ~ білім саласының тың серпілісі.

Осындай аз уакытта ауқымды істі атқарып, бүгінгі таңда елімізде болып жатқан сындарлы сәтте шұғыл шешім қабылдап, осы уақытқа дейін тәжірибемізде болмаған қашықтан оқыту форматында да білім беріп, абыроймен оқу жылын аяқтауымыз Асхат Қанатұлының іскерлігі мен білікті маман, ұтқыр ұйымдастыруының нәтижесі деп білемін.

Сонымен қатар бұған дейін ведомствоны басқарған министрлермен салыстырғанда А.Аймағамбетовтың халыққа жақын, ұстаздарға қолжетімді министр екенін әлеуметтік желі арқылы кез келген сұраққа жауап беріп, кері байланысқа шығуынан көруге болады. Ғалия АҚШОЛАҚОВА, №22 орта мектебінің директорыТалдықорған қаласы