18 шілдеде Алматыда MTK Global компаниясының ұйымдастыруымен өтетін кәсіпқой бокс кешінде күш сынасатын тағы бір жұп анықталды, - деп жазады Egemen.kz
Бұған дейін біз Дәурен Елеусінов пен Арман Рысбектің, Талғат Шәйкен мен Берікбай Нұрымбетовтың және Тұрсынбай Құлахмет пен Сағадат Рақыманқұловтың өзара шеберлік байқасатыны жайында жазғанбыз. Бұл қандастарымыздың барлығы да әуесқой рингте елеулі табыстарға қол жеткізіп, өздерінің мықтылығын мойындатқанына ешкімнің күмәні жоқ. Міне, енді олар кәсіпқойлар арасында өздерінің алғашқы қадамдарын жасауда.
Бүгін шаршы алаңға шығатын төртінші жұп анықталды. 14 шілдеде Абай Төлеш пен Сапарбай Айдаров сайысқа түседі. Олар да әуесқойлар арасында республикалық және халықаралық турнирлерде жүлде алған. Қазақстан чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді. Кәсіпқой рингте Абай бес кездесу өткізіп, барлығында үстемдік танытты. Үш бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. Сапарбай да жеңілстің кермек дәмін татқан емес. Төрт жекпе-жектің екеуінде ол қарсыласын нокаутқа жіберді.