• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Маусым, 2020

Қырғызстанда бір тәулікте 205 адам індет жұқтырды

183 рет
көрсетілді

Қырғызстанда тағы 205 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бұл елдегі пандемия басталғалы тіркелген ең көп көрсеткіш, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстанның коронавируспен күрес мемлекеттік штабының мәліметінше, елде вирус жұқтырғандардың жаңа 205 жағдайы тіркелген. Оның 82-сі Бішкекте анықталған. Бұл пандемия басталғалы бері елде тіркелген рекордты көрсеткіш.

Белгілі болғандай, вирус жұқтырғандардың ішінде медицина қызметкерлері де бар. Кеше тіркелген 205 науқастың 26-сы медицина қызметкері. Осы уақытқа дейін бұл елде 582 медицина қызметкері індет жұқтырған.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 3 науқас қайтыс болды, 10 адам індеттен жазылып шықты.

Жалпы елде бүгінге дейін 3356 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 40 адам көз жұмды, 2021 адам емделіп шықты.