• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Маусым, 2020

Атырауда 500-ден астам алаяқтық қылмыс тіркелген

514 рет
көрсетілді

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяқтық қылмыстардың 300-ге жуығы интернет арқылы жасалған, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Интернет-алаяқтық қылмысы былтырғы кезеңмен салыстырғанда 62,7 процентке өсіп отыр. Бұл қылмыстың көп тараған түрі – әлеуметтік желілерде пәтерді жалға беру, онлайн несиелер рәсімдеу. Сондай-ақ, "Доходный бизнес", "Колеса К3" ескілді интернет парақшаларында автокөліктің қосалқы бөлшектерін сату, жұмысқа орналастыру,  "Instagram" желісінде  киім түрлерін сату жөнінде жарнамалап,  алдау да  жиі көрініс береді", - дейді Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Болат Көшқалиев.

Оның айтуынша, БҚО тұрғыны "WhatsApp" әлеуметтік желісі   арқылы "Битсдаг" чатына  100-ден астам адамды тіркеп, "салынған ақшаны 50%-ға  көбейтіп беремін"  алдапты.  Алғашқы жарна 10 мың теңгеден 300 мың теңге аралығында   белгілеген. Қазір чатқа тіркелгендерді алдап,  сеніміне кірген БҚО тұрғыны ұсталды.  

 

Атырау облысы