• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
09 Қазан, 2013

Құрбан айт мерекесіне 3 күн демалыс жарияланды

455 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Серік Ахметов демалыс күні 12 қазанды 14 қазанға ауыстыру жөнінде қаулыға қол қойды. Бұл туралы Премьер-Министрдің ресми сайты хабарлады.

Үкімет басшысы барлық еңбеккерлерге қолайлы жағдай жасау үшін демалыс күнін арнайы қаулымен бекітіп отыр. Қаулыға сәйкес қажетті өнім шығару, қаржы қызметтерін қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2013 жылғы 14 қазанда жұмыс жүргізуге құқық беріледі.

Соңғы жаңалықтар