Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров онлайн брифингте эпидемиологиялық жағдайға байланысты ӨЖЖ аппараттарының жүктелуі мен қажеттілігіне талдау жүргізілгені туралы хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Алматы қаласының медициналық ұйымдарында жалпы 573 ӨЖЖ аппараты бар.
"Бұдан басқа, 2 ай ішінде 18 ӨЖЖ аппараты мен медициналық жедел жәрдем автокөліктеріне арналған 20 портативті ӨЖЖ аппараты жеткізіледі деп күтілуде. Осылайша, қажет болған жағдайда ӨЖЖ аппараттарын қосымша іске қосу мүмкіндігі бар. Жалпы, бізде қордандет жұқтырған пациенттерді емдеуге арналған 100-ден астам ӨЖЖ аппараты бар. Бұл жеткілікті", деді Камалжан Надыров.
Қаланың Бас дәрігері өтініштердің көбейіп жатқандығын ескере отырып, ҚДБ колл-орталығы мен емханалар арасында өзара әрекет жасалынып жатқандығын атады.
"Стационарларға келіп жатқандар санының артқанын ескере отырып, төсек-орындарының тапшылығы байқалуда, бүгінгі күні провизорлық төсек-орындар 90%-ға жүктелген, инфекциялық төсек-орындар 95%-ға толды. Жұқпалы аурулар бейініндегі қосымша төсек-орнын ашу үшін HalykArena базасында 500 төсек-орнын ашу нұсқасын қарастырудамыз. Сондай-ақ, біз 150 төсек-орынға арналған "ТЖ ауруханасы" АҚ госпиталі базасында жұқпалы аурулар стационарын ашуды ойластырып отырмыз.
Осылайша, жұқпалы ауруларды емдеуге бейімдделген 1940 төсек-орынға қосымша тағы 650 төсек-орны ашылатын болады. Жағдай одан әрі ушыққан кезде, "HalykArena" базасындағы төсек-орындар санын 300 төсек-орынға көбейту мүмкіндігі бар. Сол сияқты "AlmatyArena" базасында да төсек-орындар ашуға болады. Осының барлығы есептегенде, 3700-ге дейін жұқпалы аурулар төсек-орнын, провизорлық төсек-орындарын 1 мыңға дейін ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біз жатақханалар базасында провизорлық және жұқпалы аурулар төсек-орындарын ашу мәселесін қарастыратын боламыз.
Қазіргі уақытта дәрігерлер мен мейірбикелер бригадасы құрылған", деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы.
Колл орталығына шағымдар келіп түскен кезде, өтінішті емхана басшылығы тіркейді және қарайды. ҚДБ байланыс орталығының нөмірі 3000-103 екенін еске сала кетейік, сондай-ақ, 8777 8888 103 ватсапп нөіміріне жүгінуге болады.
АЛМАТЫ