• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 24 Маусым, 2020

Евгений Набоков 45 жаста

161 рет
көрсетілді

Бүгін атақты қақпашы Евгений Набоковтың туған күні. Ұлттық хоккей лигасында (ҰХЛ) керемет ойын өрнегімен көзге түскен бұл азамат 45 жасқа толып отыр, деп жазады Egemen.kz

Евгений бізге бөтен емес. Ол 1975 жылдың 25 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысында туып-өсті. Даңқты Өскемен хоккей мектебінің түлегі өзінің спорттық карьерасын жергілікті "Торпедода" бастады. Ел құрамасы сыпында бірнеше ойын өткізіп те үлгерді. Кейіннен Ресейге қоныс аударды. 1994-97 жылдары Мәскеудің "Динамосында" ойнаса, одан кейін мұхит асты.

10 жыл бойы "Сан-Хосе Шаркстың" намысын абыройлы қорғап, талай керемет көрсеткішке қол жеткізді. Сонымен қатар ҰХЛ-да "Нью-Йорк Айлендерс" пен "Тампа-Бэй" және ҚХЛ-да СКА мен "Металлург" клубтарында өнер көрсетті.

Евгений Набоков 2008 жылы Ресей құрамасы сапында әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар ол 2006 жылы Турин және 2010 жылы Ванкувер Олимпиадаларында бақ сынады.