Үндістанда коронавирус жұқтырудың анықталған жағдайларының саны тәулік ішінде 15,9 мыңға өсті, - деп жазады Egemen.kz
Johns Hopkins University мәліметі бойынша, Үндістанда вирус жұқтырғандардың жалпы саны 456 183-ке жетті. Осылайша бұл ел вирус жұқтырғандар саны көп әлемдегі төртінші елге айналды.
Қазір мұнда 183 022 адам ем қабылдап жатыр. 258 685 адам індеттен айықты, 14 476 (өткен тәулікте 465) науқас көз жұмды.