• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
10 Қазан, 2013

Ақпараттар ағыны

243 рет
көрсетілді

Өткен 9 айда ауыл шаруа­шы­лығы өнімдерінің бағасы 3,4 пайызға төмендеді. Биылғы қыркүйекте былтырғы желтоқсанмен салыстырғанда, ауыл шаруашылығы құ­рылымдары өткізген өсімдік ша­руашылығы өнімі 4,1, мал шаруа­шылығы өнімі 2,5 пайызға арзандады.

 

Өткен 9 айда ауыл шаруа­шы­лығы өнімдерінің бағасы 3,4 пайызға төмендеді. Биылғы қыркүйекте былтырғы желтоқсанмен салыстырғанда, ауыл шаруашылығы құ­рылымдары өткізген өсімдік ша­руашылығы өнімі 4,1, мал шаруа­шылығы өнімі 2,5 пайызға арзандады.

Кеше Астанада «Жас ұлан» әскери әндер фестивалі басталды. Финалға үшінші іріктеу турынан өткен әскер түрлерінің, тектерінің және өңірлік қолбасшылықтардың жеңімпаздары қатысады. Ал лауреаттар гала-концерті 12 қазанда астаналық «Конгресс-холл» концерт залында өткізіледі.

«Қазақстан» арнасы «Шет­ел­дегі қазақ балалары» атты жобаны көрермен назарына ұсынады. Арнайы жоба 13 қазан күні сағат 17.20-да жарыққа шығады. «Шетелдегі әрбір қазақ баласы өзінің «Қазақстан» деген Отаны бар екенін біліп өсуі керек», – дейді жобаға қолдау көрсеткен корпорация басшылығы.

Оңтүстік Қазақстанда үздік ұстаз­дарға планшеттер сыйға тар­тылды. Шымкентте кәсіби мерекеге орай өткен салтанатты жиынға аймақтың барлық ауыл­да­рынан жүздеген оқытушы келді.Сонымен қатар, аймақтың үздік 10 мектебіне 14 млн. 928 теңге бөлінді.

«Жұмыспен қамту» бағдарла­ма­сы аясында Оңтүстіктің 72 отбасы баспаналы болды. Оларды Бәйдібек, Қазығұрт, Мақтарал, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Созақ, Төлеби, Түлкібас аудандарынан, Арыс, Түркістан, Шымкент қала­лары­нан бағдарлама санатына жататын әулеттер алды.

«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.

Соңғы жаңалықтар