• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Маусым, 2020

Динара Садуақасова тегін онлайн шахмат академиясын ашты

512 рет
көрсетілді

Шахматтан бірнеше мәрте әлем чемпионы атанған гроссмейстер Динара Сәдуақасова онлайн шахмат академиясын ашты. Ителлектуал ойынды үйренгісі келген кез келген адам курстан өте алады, - деп жазады Egemen.kz

Онлайн-академияда Динара Сәдуақасованың видео-сабақтары, тапсырмалары мен тесттері бар. Пандемия кезінде курсқа кіру тегін. Мүмкіндігі шектеулі жандарға оқу әрдайым ақысыз. 

"Бәріне арналған шахмат" – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен бірлесіп құрылған жоба. Біздің мақсат – шахмат ойынына деген қызығушылықты арттыру әрі еліміздің шет-шетінде шахматты үйренгісі келетін жанның бәріне мүмкіндік беру. Әлем қарқынды түрде дамып жатыр, қазір интеллектуал қасиеттер мен ойлау жылдамдығы маңызды. Шахмат – бұл дағдыларды дамытатын тамаша құрал. Платформада менің қатысуыммен видео-сабақтар бар", – деді Динара.

Курстан балалар да, ересектер де өте алады. Бағдарлама деңгейге бөлінген. Әр деңгейде видео-сабақ пен 200 тапсырманы қамтитын 20-25 блок бар. Оқуды аяқтағандарға сертификат беріледі. 

Тегін курсқа мына жерде тіркелуге болады. 

"Біз командамызбен барлық деңгейге арнап 10-нан астам сағат сабақ жаздық. Платформада танымал шахматистердің дәрістері мен семинарлары жарияланады. Барлық адамның шахматқа деген қызығушылығы артып, үйрену мүмкіндігі болғанын қалаймыз", – деді Шахмат академиясының директоры Айнұр Өтешева.