• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
10 Қазан, 2013

Қытайда «құйрықты» бала өсіп келеді

537 рет
көрсетілді

Қытайдың Гуандун провинциясында омыртқасында ауытқушылық бар бала туылды. Нәтижесінде оның құйымшағынан төмен қарай «құйрық» өсіп шыққан. Бұл туралы paranormal-news.ru сайты хабарлады.

Қазір туғанына тоғыз ай толған Сяо Вея есімді бұл сәбидің «құйрығы» өсіп, 10 сантиметрге жеткен. Баланың анасы хирургтерден осы артық жерді алып тастауды өтініп жүрген көрінеді. Алайда, дәрігерлер жағдайдың бұлар ойлағаннан гөрі де күрделі екенін алға тартып, бұған тәуекел етіп отырған жоқ. Олардың айтуларынша, қазір «құйрықты» алып тастаса, ол тағы да өсіп шығатын болады. Сондықтан алдымен балақайдың жұлындарын қалпына келтіріп алу керек екенін.

Сұлтан Бозайғыр.