• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Маусым, 2020

Үндістанда коронавирусты емдеу үшін ең үлкен ауруханалардың бірі ашылады

216 рет
көрсетілді

Үндістанның астанасы Делиде 10 мың науқасқа арналған коронавирус індетін емдеу үшін "Sardar Patel COVID Care Centre" атты әлемдегі ең ірі ауруханалардың бірі ашылады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Аурухананың ашылуы Үндістандағы вирустың жаңа антирекордына байланысты болып отыр. Бір тәулікте елде коронавирус індетін жұқтырған 19 906 науқас және 410 жаңа өлім оқиғасы тіркелді.

Айта кетейік, Үндістан коронавирус жұқтырғандар саны жағынан әлемде 4-ші орында тұр. Вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 520 мыңнан асты, 16 мыңнан астам адам қайтыс болған.