• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Маусым, 2020

Жалағашта екі білім ұясы күрделі жөндеуден өтеді

325 рет
көрсетілді

"Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы" бағдарламасы аясында Жалағаш ауданына 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген, - деп хабарлады Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мақсат - жұмыссыз азаматтарды кәсіппен қамту. Ауданның елді мекендерінде 18 жобаны іске асыру жоспарлануда, оның 14-і аудан орталығында жүзеге асырылады.

Аудан бойынша 682 жұмыс орны құрылып, оның 343 жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар қабылданады.

"Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы" бағдарламасы аясында биыл ауданда Аққыр ауылдық округіндегі №188 орта мектеп пен Мақпалкөл ауылдық округіндегі Ә.Оңалбеков атындағы №117 білім ұясы күрделі жөндеуден өтеді. Ол үшін жұмыссыз ретінде тіркелген 35-тен аса азамат жұмысқа қабылданады. Сондай-ақ аудандық спорт және дене шынықтыру бөліміне қарасты Наркескен спорт клубы мен М.Шәменов елді мекеніндегі спорт алаңы қайта жөндеуден өтеді.

Сондай-ақ Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және атомобиль жолдары бөліміне қарасты биыл Ақсу елді мекеніне кіреберіс аудандық маңызы бар автомобиль жолын жарықтандырылады. Сонымен қатар "Самара-Шымкент-Таң" мен "Самара-Шымкент-Жосалы-Жалағаш-Қаракеткен" автожолдары орташа жөндеуден өтеді.