Жөндеу жұмыстарына 1 миллиард 700 миллион теңге бөлініп отыр. Шынын айтқанда, көптен бері көңілден қағыс қалған мәдениет саласының өңі кіріп қалатын болды, - деп жазады Egemen.kz
Мәдени ошақтарын қамқорлыққа алу жұмыстары "Жұмыспен қамтудың жол картасы" және "Ауыл – ел бесігі" бағдарламалары аясында жүзеге асырылуда. Облыс орталығындағы "Көкшетау" және "Достар" мәдениет сарайлары да жаңғыртылмақ. Бір қуаныштысы, 30 жыл жөндеу көрмеген Красный Яр ауылындағы "Көкше" мәдениет үйі де назардан тыс қалмады.
Бұл мәдениет ошағы сонау 1990 жылы пайдалануға беріліпті. Содан бері жөндеу көрмеген. Осы жылы нысанды қалыпқа келтіруге "Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында 241 млн теңге бөлініп отыр. "Достар" мәдениет сарайының тозығы жеткен шатыры да ауыстырылуда. Облыста әлі де күрделі жөндеуді қажет ететін 20-ға жуық мәдени нысан бар.
"Оның 35-і мәдениет үйі, 5 кітапхана, мемлекеттік 2 мұрағат және облыстық филармония бар. Жөндеу жұмыстары барысында 486 адам жұмыспен қамтылған. Олардың 249-ы жұмыспен қамту орталығынан жіберіліп отыр", дейді облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының бас маманы Әнуар Әйтімов.
Өңірде күрделі жөндеуден бөлек, іргетасы жаңадан қаланып жатқан мәдени нысандар да бар. Соның бірі Атбасар ауданында құрылысы басталған "Бастау" жастардың бос уақытын ұйымдастыру орталығы. Жоба құны 270 млн теңге. Бұл нысан келер жылы аяқталады деп күтілуде.