• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 01 Шілде, 2020

Электр стансалары ескіріп барады

440 рет
көрсетілді

Елімізде электр энергетикасы саласындағы активтерді жаңарту қажет. Себебі қолданыстағы қуат көздері өткен ғасырдың 60-70-жылдары салынған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Энергетика министрлігі Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Айдос Дәрібаев айтты.

Биыл электр энергиясын өндіру секторына 80 млрд теңге инвестиция тартылуға тиіс. Алайда бұл қаражат станса жабдықтарын жаңғыртуға жетпейді. Ал стан­салардың тозу деңгейі жылдан-жылға артып барады. Қазір шамамен 60% ескірген. Яғни электрмен жабдықтау сапасына қауіп төніп тұр деуге болады.

– Бұл факт электр қуаттарының апаттық істен шығуы, тұтыну­шыларды электрмен жабдықтау сапасының төмендеуі сияқты оқиғалардың жиілеуіне, сондай-ақ көрші елдерге тәуелділіктің ұлғаюына себеп болып отыр. Мысалы, былтыр 3 996 техноло­гиялық бұзушылықтарға жол берілген. Биыл технологиялық бұзушылықтар саны 1,3%-ға азайды. Бірақ жылу беру кезеңінде ең көп жабдық іске қосыл­ғанда 135-ке немесе 6%-ға артып отыр, – дейді Айдос Дәрібаев.

Оның айтуынша, бұл жағдай Қазақстандық тұтынушыларды көрші елдерден электр қуатын реттеу жөніндегі қызметтерді жылына 8 млрд теңгеден астам сомаға сатып алуға мәжбүрлейді. Бұл да электр энергиясының түпкілікті бағасына әсер етеді.

Биыл энергия өндіруші ұйым­дардың шекті тарифтерінің орташа ұлғаюы 16% деңгейінде болжануда. Бұл ретте Қазақ­станның барлық аймағында электр энергиясын таратуды іске асыратын Екібастұз ГРЭС-1 шекті тарифі 0,7%-ға өседі. Электр стансаларының шекті тарифтерін уақтылы түзету алдағы күзгі-қысқы кезеңдерден табысты өтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ 27 мың жұмыс орнын сақтауға жәрдемдеспек.