Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде түнгі сағат 2:00-де аспаннан зиянды зат шашылды деген ақпарат тарап жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың жалған екенін ресми түрде мәлім етті, - деп жазады Egemen.kz
"Құрметті халайық, сіздерден әлеуметтік желілерде тарап жатқан жалған ақпаратқа сенбей, тек ресми дереккөзге жүгінулеріңізді сұраймыз. Барлық расталған ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтынан және әлеуметтік желілердегі парақшаларынан алуға болады" делінген хабарламада.