ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті "Е-ЖСҚ" кешенді ведомстводан тыс сараптаманың Бірыңғай порталын белсенді пайдалануда, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Осылайша, сараптамалық қызметті автоматтандыру мақсатында 2015 жылдың 1 мамырынан бастап ведомстводан тыс Бірыңғай сараптама порталын іске қосу арқылы құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін "бір терезе" қағидаты енгізілді.
Портал барлық салалық сараптамаларды біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық ведомстводан тыс кешенді сараптамаға, сараптама жүргізудің электрондық форматына көшуге, ведомстводан тыс кешенді сараптаманың Бірыңғай порталын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Бірыңғай порталды енгізгенге дейін тапсырыс беруші жобалық-сметалық құжаттаманы сараптамаға қағазбен беретін.
Бұдан басқа, жобалау-сметалық құжаттаманы қарау мерзімі 285 күннен 45 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Бұл ретте сараптама жүргізу процесінің ашықтығы қамтамасыз етіледі. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылып, өзін-өзі сараптамалау сапасы арттырылды.