• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Шілде, 2020

Алексей Цой коронавирусқа қарсы күрес бойынша 6 шараны ұсынды

319 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Сovid-19 қарсы күресті күшейту бойынша алты негізгі шараны ұсынды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Біріншіден. Амбулаториялық көмек.Коронавирус инфекциясына күдікті, симптомсыз және індеттің жеңіл түріне шалдыққан пациенттерге амбулаториялық көмекті мобильді көшпелі бригадалар көрсететін болады. Бүгінде 380 бригада бар, шамамен 3 мың бригада құру жоспарлануда. Емханаларға тіркелген халыққа учаскелік дәрігерлер мен бейінді мамандар қашықтан консультациялық көмек беруді жалғастырады. Емханаға белгілі бір айғақтар бойынша жүгінген пациенттерге карантиндік фильтр арқылы қызмет көрсетіледі.⠀Екінші. Жедел жәрдем.Жедел жәрдем автокөліктерінің тапшылығы жақын арада әкімдіктермен бірлесіп медициналық емес ұйымдардың резерві есебінен шешіледі. Республикалық бюджеттен 807 жедел жәрдем көлігі сатып алынады деп күтілуде. Жергілікті атқарушы органдар түрлі ресурстар арқылы қосымша Corona-taxi ұйымдастыру туралы ұсыныс енгізді.⠀Үшінші. Стационарлық көмек.COVID-19 жұқтырған пациенттерге стационарлық көмектің бұрынғы құрылымы өзгертілді. 13 мың төсегі бар карантиндік стационарлар байланыста болған адамдар үшін провизорлық және жұқпалы аурулар ауруханасына қайта бейінделеді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін соңғы үш тәулік ішінде COVID-19 расталған пациенттер үшін қосымша 1,5 мың төсек және COVID-19 күдікті пациенттер үшін 5 мың провизорлық төсек ашылды. Бүгінгі таңда 333 ұйымда 20 мың инфекциялық және провизорлық төсек бар, олардың 60 пайызында науқастар жатыр. Пневмонияға шалдыққан пациенттер басым.⠀Төртінші. Стационарларды медициналық техникамен және дәрілік заттармен қамтамасыз ету.Жаңадан ашылған стационарлар үшін қолда бар 3,3 мың ӨЖЖ аппаратына қосымша 978 аппарат сатып алынды және тағы 1000 бірлік сатып алу процедурасы жүргізілуде. Сонымен қатар, орталықтандырылмаған газ жоқ кеңейтілген стационарлардың оксигенотерапиясын үздіксіз қамтамасыз ету үшін 4 мың оттегі концентратын сатып алу жоспарлануда.Дәрі-дәрмекке келетін болсақ, коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастарды толық қамтамасыз ету үшін стационарларда 138,8 млн. теңгеге 59 түрлі дәрі-дәрмек сатып алынды. Бүгінгі жағдай бойынша өңірлердегі медициналық ұйымдарда 27 мың пациент вирусқа қарсы препараттармен қамтамасыз етілген. Қосымша сатып алуды ескерсек, дәрімен қамтылған пациенттер саны 58 мыңға дейін артады. Ал вирусқа қарсы терапия орташа ауыр және ауыр жағдайда ғана қажет. Медициналық ұйымдарға КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес коронавирус инфекциясын емдеу үшін антибиотиктердің 16 түрі үздіксіз жөнелтілетінін атап өтті.⠀Бесінші. Дәріханаларда дәрілік заттардың қолжетімділігі.Осы аптаның соңына дейін бөлшек сауда желісіне қосымша зертханалық сынақтардан өтуді талап етпейтін сериялық қауіпсіз өндірушіден вирусқа қарсы препараттардың 70 мың орамасы келеді. Қызуды түсіретін препараттар, мысалы, парацетамол Қазақстан нарығына түсе бастады. Бүгінгі күні апта соңында нарыққа түрлі өндірушілерден осы препараттың 700 мың қаптамасы түсті. Алдағы екі апта ішінде қосымша 800 мың парацетамол орамасын жеткізу күтілуде. Антибиотиктерге келетін болсақ, өткен аптаның соңында отандық өндірушілер дистрибьюторларға жеткізуді бастады, мысалы, азитромициннің 100 мыңнан астам орамасы нарыққа түсті.Бұдан басқа, жақын арада нарыққа левофлоксациннің шамамен 30 мың орамасы, амоксициллиннің 75 мың орамасы, ципрофлоксациннің 70 мың орамасы, цефуроксимнің150 мың орамасы, цефтриаксон 858 мың орамасы жеткізіледі деп күтілуде.⠀Алтыншы. ПТР тесттер мен компьютерлік томографияға (КТ).Бүгінде 1,5 млн астам тест жасалды. Тесттен эпидемиялық көрсеткіштер бойынша симптомдары бар пациенттер, байланыста болған адамдар өтеді. 20 ПТР-анализаторлар сатып алынады, олар зертханалардың қуаттылығын тәулігіне 35 мың тестке дейін, ПТР-тестілеуді өткізу үшін 8 жылжымалы зертхананың жұмысын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.Компьютерлік томографияның қолжетімділігін арттыру үшін КТ зерттеулерге басымдық беріледі – ол қатаң медициналық ұйымдардың жолдамасы бойынша жүргізіледі.