Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1976 жылы туған азамат 3 шілдеде Жайық өзеніне шомылып жүріп, судан шықпай қалған, - деп жазады Egemen.kz
"Құтқарушылар жұмадан бері Жайық өзенінің Ақсай кенті тұсында іздестіруді бастады. Аталған елді мекеннің маңында 44 жастағы ер адам Жайық өзенінің арнайы жабдықталмаған жерінде шомылған. Кеше кеште суға кеткен азаматтың денесі табылып, судан шығарылды", деп хабарлады ТД баспасөз қызметі.