• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Шілде, 2020

Нұрсұлтан Назарбаев Люксембург Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

270 рет
көрсетілді

Әңгімелесу барысында Ксавье Беттель Елбасын келе жатқан 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық пен достас Қазақстан халқының игілігі үшін жаңа табыстар тіледі. Бұл туралы Elbasy.kz хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Люксембург Премьер-министрі Қазақстанның едәуір ілгерілеуі, ұлттың әл-ауқатының жақсаруы, халықаралық қоғамдастықтың белсенді және жауапты мүшелері арасынан лайықты орын алуы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты екенін атап өтті.

Елбасы Ксавье Беттельге құттықтауы үшін алғысын білдіріп, Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімді Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер арасында Люксембург алғашқылардың бірі болып ратификациялағанын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Люксембург тарапы бастамашы болды.