Бейжіңде 11 маусымнан бастап "Синьфади" ірі көтерме сауда нарығында коронавирустың жаңа түрі тіркелген еді. Сөйте тұра бір тәулік ішінде жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелген жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz
Жаңа індет салдарынан Қытай астанасында коронавирустың 335 диагнозы табылды. Оның ішінде 15 науқас ауруханадан шығарылса, 320-сы медициналық бақылауда және 31-і симптомсыз тасымалдаушылар болып тіркелді.
Эпидемиялық тергеудің нәтижесінде ауруды жұқтырғандардың басым көпшілігі импортталған лососьті тұтынғаннан кейін жағдай күрт нашарлаған.